![Brent мұнайының бағасы 85 доллардан асты](/uploads/posts/1718884129_wwdCRv98uoFIoGBXga0rccjqIX64E7gY/image/post7.jpeg)
Алматы. 2 қазан. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2018 жылдың желтоқсандағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 2 қазандағы таңертеңдегі бағасы $0,03 (0,04%) көтеріліп, барреліне $85,01 құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында 2018 жылдың қазанындағы жеткізіліммен электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) $0,25 (0,33%) қымбаттап, барреліне $75,55 құрады.