
Москва. 15 маусым. 7kun.kz - Америкалық нарықта жанармай қорының көлемі артқаны туралы American Petroleum Institute-тың мәліметінен соң мұнай бағасы қайтадан арзандай бастады.
Brent маркалы мұнайдың тамыз айына арналған фьючерстік бағасы ICE Лондон қор биржасында Мәскеу уақытымен 7:55-те 1,4%-ға төмендеп, баррелі 49,14 долларды құрады.
Ал WTI мұнайының бағасы Нью-йорктің тауар биржасындағы сауда кезінде (NYMEX) 1,4%-ға арзандап, 47,83 доллар болды.
Сондай-ақ, Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы мүмкін екені доллар, иен, Германия облигацияларына сұранысты арттырып, мұнай бағасына кері әсерін тигізуде.
Халықаралық энергетика қорының мәліметінше, әлемдік нарықтағы артық жанармай қоры 2016 жылдың 1 тоқсанында 40%-ға аз болған. Сондықтан келесі жылы мұнайға деген ұсыныс пен сұраныс тең болады.