
Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz – Лондондағы ICE Futures биржасында 2019 жылдың маусымындағы жеткізіліммен Brent сұрыпты мұнай фьючерсінің 18 сәуір Мәскеу уақытымен сағат 8:10-дағы бағасы 0,05 долларға (0,07%) көтеріліп, баррелі 71,67 долларды құрады, - деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.
Лондон және Нью-Йорк биржаларында мамырдағы жеткізіліммен, электрондық сауда барысында WTI маркалы жеңіл мұнай фьючерстері (NYMEX) 0,03 долларға (0,05%) қымбаттап, барреліне 63,79 долларды құрады.