Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Британ министрлерінің жалақысы 2020 жылға дейін көтерілмейтін болады

Британ министрлерінің жалақысы 2020 жылға дейін көтерілмейтін болады

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон министрлердің жалақысы 2020 жылға дейін көтерілмейтіндігін мәлімдеді. Бұл жөнінде  ВВС орысша қызметі хабарлайды. Бұл жылына 1 млн 239 мың доллар үнемдеуге жол ашады.

Премьер-министердің Sunday Times газетіне берген сұхбатында ол "барлығымыз бірлесе отырып" мемлекет қарыздарын төлеуге көмектесуіміз керек деген. Министрлердің жалақысын тұрақты сомада сақтау жылына 800 мың фунт стерлинг үнемдейді. Министрлердің жалақысы 2010 жылдан бері көтерілмеген. Қазіргі таңда олардың еңбек ақыларының көлемі 134 мың 565 фунт стерлинг (208 мың доллар) Премьер-министр жылына 142 мы 500 фунт стерлинг (220 мың доллар) алады. Ал, 650 парламент депутаттарының жалақысы 9 пайызға өсуі тиіс. Парламент этикасының тәуелсіз комиссиясы осындай ұсыныс айтып отыр. Үкімет комиссияның бұл ұсынысымен келіспейтіндігін айтты. Себебі, мемлекеттік қызметкердің жалақысы қатаң үнем жағдайында 1 пайыздан артыққа көтерілуі мүмкін емес.

Похожие материалы