Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Британдықтарға Еуроодақ азаматтығын сатып алу ұсынылуы мүмкін

Британдықтарға Еуроодақ азаматтығын сатып алу ұсынылуы мүмкін

Астана. 26 қараша. 7kun.kz - Еуропарламент 23 маусымдағы референдумда Еуроодақтан шығуға қарсы дауыс берген Ұлыбритания азаматтарына ЕО азаматтығын сатып алуға рұқсат ету жайлы бастама дайындап жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат The Times газетіне сілтеме жасап.

Мұндай ұсыныс туралы Еуропарламенттегі либералдар мен демократтар фракциясының көшбасшысы, Бельгияның бұрынғы премьер-министрі Ги Верхофстадт мәлімдеген.

«Менің ойымша, еуропа азаматтығын сақтап қалғысы келетін жандарға мүмкіндік берілуі тиіс», - деді Верхофстадт. Саясаткердің айтуынша, Еуропарламент аталған бастамаға жыл соңына дейін дауыс береді, одан кейін жоспарды ЕО мүше-мемлекеттер мақұлдауы тиіс.

Ұсынысқа сәйкес, Еуроодақ азаматтары болып қалғысы келетін британдықтар жыл сайын ЕО бюджетіне өздері жарна төлеп тұру қажет. Сонда оларда ЕО аумағына көшу және өмір сүру және еуропалық сайлауларға қатысу құқығы болады. Мұнымен қатар, Верхофстадттың өзі бұл бастаманы жүзеге асыруда заңдық қиындықтар кездесетінін жасырмады.

Похожие материалы