Экономика
Британдықтар зейнеткерлік жасын ұлғайтпақ
Лондон. 28 қараша. 7kun.kz - Ұлыбритания үкіметі зейнетке шығу жасын 70 жасқа дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бұрынғы еңбек және зейнетақы министрлігінің басшысы Стив Уеб хабарлады.
Оның айтуынша, министрлік дайындаған құжат жоспарланғанға қарағанда "агрессивті түрде" әсер етеді деген болжам бар. Салдарынан 55 жастағы ондаған миллион қызметкерлерге ықпалын тигізіп, қазіргі 22-30 жас аралығындағы жастар 70 жасында зейнетке шығуы мүмкін.
Мемлекеттің қазіргі кестесіне сәйкес, 2018-2020 жылдар аралығында британдықтардың зейнетақы алу жасы 66 жасқа дейін өседі. Ал 2026-2028 жылдары 67 жас және 2044-2046 жылдары аралығында 68 жасқа жетуі керек.
Экс-министр Стив Уеб атап өткендей, шенеуніктер халыққа зейнетке шығу жасын 68, 69 немесе 70 жасқа дейін ұлғайту деген шешімді барынша ашық түрде түсіндіруі қажет. Мұндай шараға жұртшылық қана емес, сарапшыларды тарта отырып дұрыс талқылануы тиіс екенін атап өтті.
Консалтингтік компания өкілі Уилс Тоуерс Уотсон, шара британдық өндірісті арттыру үшін көмектеседі және салық түсімдерін ұлғайтуға мүмкіндік береді, сонымен қатар наразылану белгілері болмады, өйткені, 67 жылға зейнетке шығу жасын көтеру жоспарларын жариялады.
Willis Towers Watson консалтингтік компания өкілінің сөзінше, үкіметке салықты мөлшерін көтеруге қарағанда, зейнет жасын көбейту тиімдірек. Бұл шешім елдегі өндіріс көлемін арттыруға жән салық мөлшерін ұлғайтуға көмектеседі. Себебі мемлекет 2028 жылы зейнет жасын 67-ге дейін көтеру туралы шешім қабылдағанда, қарапайым халық тарапынан ешқандай наразылық тумады.
Жансая СОВЕТ "7"