Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Алматы облысында балалар тағамын өндіретін зауыттың құрылысы әлі де инвесторлардың қарауында. Бұл туралы өңірлік кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан хабарлады.
«Қазіргі уақытта United Green жобасы британдық компанияның қатысуымен жобалау сатысында тоқтатылды және оны әрі қарай іске асыру қарастырылуда», - деп түсіндірді ведомствода.
Бұл ретте британдық инвесторлар тағы бір жобаны жүзеге асыруға мүдделі екендігі айтылды. Сонымен қатар, басқарма ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта жоба алдындағы жұмыстар жүргізілуде.