Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

British Airways енді Қазақстанға ұшпайды

British Airways енді Қазақстанға ұшпайды

Ұлыбританияның ұлттық әуе тасымалдаушысы British Airways енді Қазақстанға ұшпайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Соңғы рейс Лондонның Хитроу әуежайынан 11 қазанда ұшып шығады, ал 12 қазанда Алматыдан кері қайтады. British Airways компаниясындағылардың айтуынша, рейс қаржы жағынан тиімсіз болғандықтан жабылғалы жатыр. Әуе компаниясы кешірім өтінді. "12 қазаннан кейінгі күндерге билет сатып алып қойғандарға ақша толықтай қайтарылады. Егер билеттер туристік агенттіктер арқылы алынса, олармен тікелей байланысуға болады", - деді компания басшылығы. Айта кетейік, енді Астанадан Лондонға дейінгі тікелей рейс Air Astana арқылы жүзеге асады.

Похожие материалы