Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БТА банк арызын қайтарып алып, Өтемұратовтың активтері бұғаттан босатылды

БТА банк арызын қайтарып алып, Өтемұратовтың активтері бұғаттан босатылды

БТА банк Болат Өтемұратовтың компанияларына қарсы берген арызын қайтарып алатын болды. Бұл туралы «Верный капитал» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«БТА банк пен Болат Өтемұратовтың өкілдерімен келіссөз нәтижесінде жеке келісімге қол қойылды, оған сәйкес банк өз арызын қайтарып алады. Аталған келісімге сәйкес англия сотының Болат Өтемұратовтың активтерін бұғаттау туралы бұйрығы  күшін жойды», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін The Wall Street-да қазақстандық БТА банктің Ұлыбритания сотында UBS Group AG, Credit Suisse Group AG, EFG International AG и DBS Group Holdings Ltd., банктеріндегі және Нұр-Сұлтан, Мәскеу, Венадағы  Ritz-Carlton қонақ үйлеріне тиеселі $5 млрд активті бұғаттау туралы шешімге қол жеткізгені туралы хабарлаған еді. Олардың қатарында Қазақстандағы  Burger King франшизасын басқарушы компанияның да активі бар. Бірқатар БАҚ бұл активтердің барлығы қазақстандық миллиардер Болат Өтемұратовқа тиеселі екенін хабарлаған.

БТА банк Болат Өтемұратовтың  банктен ұрланған қаражатты жасыру үшін 11 жеке және заңды тұлғалармен серіктес болған деп мәлімдеген. Мұны да WSJ сот материалдарына сілтеме жасап хабарлады.

Алайда Өтемұратов мұны жоққа шығарып, айыптау жалған құжаттардың негізінде жасалды, деп мәлімдеді.   

Айта кетейік, БТА банк компаниясына қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев пен оған тиеселі Fincraft Group иелік етеді. Банктік лицензиясын тапсырғаннан кейін компания активтерді басқарумен айналысады.

Похожие материалы