Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БТА Банкі сот ісінен 6,6 млн доллар жеңіп алды

БТА Банкі сот ісінен 6,6 млн доллар жеңіп алды

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz  - БТА Банкі Мұхтар Әбілазовтың әпкесі Гаухар Құсайыноваға қарсы сотта жеңіске жетті. Фэрфакс округінің (Вирджиния штаты, АҚШ) алқалық сотының шешіміне сәйкес жауапкер банкке 6,6 млн доллар қайтаруға міндетті. Бұл туралы қаржы мекемесінің баспасөз қызметі хабарлайды.

2016 жылғы 13 маусымда Фэрфакс округтік сотына БТА-да ұрланған активтермен операцияларды жүзеге асыруда Әбіләзовқа көмек көрсетумен байланысты БТА-ның басқа да талаптарын қанағаттандыру және шығындарды өтеу туралы талап арыз берілді.

"Әбіләзов БТА-ға қарсы басқа да алаяқтық әрекеттермен қатар, Г. Құсаиноваға БТА-дан ұрланған ақша қаражатының шамамен 6 млн доллар сомасындағы бір бөлігін заңсыз түрде бағыттады, Г. Құсайынова қаражатты жеке мақсатта, соның ішінде АҚШ-та бірнеше жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алу үшін де пайдаланды", - деп атап өтті банкте.  

Сонымен қатар, 2016 жылдың тамыз айында ағылшын соты тарапынан тағайындалған, Әбіләзовтың активтерін сыртқы басқарушылар - Джон Милс пен Дэвид Стэндиш Фэрфакс сотына осындай талап-арыздармен жүгінді.  2017 жылдың сәуір айында екі талап біріктірілді.

Бұдан басқа, осы жылдың сәуір айында РФ Бас прокуратурасы қазақстандық "БТА Банкі" АҚ директоры Мұхтар Әбіләзовтың 60 миллиард рубльге жуық жымқыру туралы қылмыстық іс бойынша айыптау қорытындысын бекітті.

Қазақстанда  М. Әбіләзов сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, қашқын банкирге қатысты Қазақстанда 2004 жылы "ТұранӘлем Банкі" АҚ басшысы Ержан Тәтішевті қасақана өлтіруді ұйымдастырған деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды.

Похожие материалы