Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Әбу-Даби плаза» құрылысшылары жалақысын көтеруді сұрады

«Әбу-Даби плаза» құрылысшылары жалақысын көтеруді сұрады

Алматы. 3 шілде. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан қаласында 3 шілдеде сағат 10:00-де салынып жатқан «Әбу-Даби плаза» нысанының аумағында еңбек жағдайлары, сондай-ақ жалақыны арттыру туралы талаптарын білдіру мақсатында қосалқы мердігерлік жұмысшылар жиналды. Бұл туралы елордалық әкімдіктен хабарлады.

«Жиналғандармен қаланың мемлекеттік бас еңбек инспекторы Е. Ысмағұлов пен Есіл ауданының прокуроры Д. Катаев кездесті. Олар жұмысшыларға компанияның кеңсесіне барып, мәселені әкімдік басшылығының қатысуымен талқылауды ұсынды», - делінген хабарламада.

Сағат 10:40-та олар жұмыс орындарына тарады. Бастамашы топ қала басшылығымен кездесті. Әкімдік Consolidated Contractors компаниясына тамақтануды ұйымдастыру мәселесін шешу, намаз оқуға жағдай жасау, инфляция жағдайында жұмысшылардың жалақысын арттыруды тапсырды.

«Кездесу сенімді атмосферада өтті және қоғамдық тәртіп бұзу тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта құрылысшылар жұмысты штаттық режімде жалғастырып жатыр», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Consolidated Contractors Company «Әбу-Даби Плаза» құрылысының негізгі операторы болып табылады. Құрылыс жұмыстары 2010 жылы басталды. Нысанды тапсыру 2020 жылдың наурыз айына жоспарлануда. Оның құны 1,6 млрд долларға бағаланып отыр.

Похожие материалы