Алматы. 19 сәуір. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 379,54 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,08 теңге/$1) ұлттық валюта 0,46 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 379,35 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,64 теңге, жабылу курсы бір долларға 379,56 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 18 млн 490 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 52.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 380,5 теңге, Алматыда – 381,5 теңге.
Ұлттық Банктің 19 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін 379,19 теңгені құрайды.