Экономика
Бүгін түнде әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында жылдамдық режимі өзгереді

Алматы. 26 тамыз. 7kun.kz - Тамыздың 26-нан 27-не қараған түні 00:00-ден бастап әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолында жылдамдық 80 ш/сағ болып өзгереді. Бұл туралы Алматы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған учаскелерде техникалық дайындық жұмыстары аяқталған.
Полицияның хабарлауынша әл-Фараби даңғылындағы екі бөлікте: Бағанашыл ш.ауданы бұрылысынан Ходжанов көшесіне дейін және Кіші Желтоқсан көшесінің аумағында 60ш/сағ.жылдамдық сақталады. Өйткені бұл аумақтарда жол-көлік апаттарының болу қаупі жоғары.
Сондай-ақ Сайын көшесінде жылдамдық бұрынғыдай 60 шақырым күйінде қалған.