Алматы. 1 қаңтар. 7kun.kz - Бүгіннен бастап мұғалімдердің жалақысы - 25 пайызға, мәдениет саласы қызметкерлерінде - 35-50 пайызға және әлеуметтік қызметтерде - еңбекақы 30-60 пайызға көтеріледі.
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталған мұғалімдерге 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем беріледі. Ал магистр дәрежесі бар дене тәрбиесі және спорт саласындағы мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне және әскери оқу орындарының оқытушыларына қосымша 10 АЕК төленеді.
Ал бакалавр студенттері 26 186 теңге, магистранттар - 66 913 теңге, докторанттар - 102 498 теңге шәкіртақы алады. Сондай-ақ ынтымақтық зейнетақы 7% -ға өседі, ал оның ең төменгі мөлшері 38 636 теңгені құрамақ. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 пайызға артып, ең төменгі мөлшері - 16 839 теңге болады.