Шымкент. 19 мамыр. 7kun.kz – Шымкент полициясы бүкіл Қазақстан бойынша киберқылмысқа күдікті топты ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Шымкент полицейлері киберқылмыскерлердің тобын ұстады. Бес ер адам қылмыстық кибер операцияларын сенгіш азаматтарға қоңырау шалу арқылы жүзеге асырып отырған. Сонымен қатар қылмыстық топтың әр мүшесінің өзіндік "міндеттері" болған. Біреуі – алаяқтықтықтың ұйымдастырушысы, басқалары банк немесе кез-келген қаржы ұйымы операторларының рөлін атқарды, ал басқалары банкоматтардан түскен ақшаны шешіп отырған", – делінген хабарламада.
Полиция ұсталғандарға 20-дан астам интернет-алаяқтық фактісі бойынша айып тақты. Тексеру барысында күдіктілерден 46 банк картасы, алты ұялы телефон және 20 SIM-карта тәркіленді.