Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Бұл заңсыздық»: Біртанов Тоқаевтан көмек сұрады

«Бұл заңсыздық»: Біртанов Тоқаевтан көмек сұрады

Нұр-Сұлтан. 5 шілде. 7kun.kz – Экс-Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елордадағы кезекті сот отырысы кезінде Мемлекет басшысынан өз ісінің әділ қаралуын қамтамасыз етуге өтініш білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Сарыарқа аудандық сот отырысында Біртановтың қорғаушылары барлық фактіні объективті зерттеу үшін істі қосымша тергеуге қайтаруға өтініш білдірді.

«Құрметті сот, өтінішті қанағаттандыруды сұраймын. Бұл тек Заңның талабына ғана емес, сонымен бірге әділеттілік қағидаттарына да сәйкес келеді. Сот отырысына отандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысып отырғанын пайдалана отырып, президент Қасым-Жомарт Кемелұлына Бас прокуратураның бүркемелеуімен сотқа дейінгі тергеу органы, қаржы мониторингі агенттігі жасап жатқан заңсыздықты тоқтату туралы өтінішпен жүгінгім келеді. Бұл заңсыздық», – деді Елжан Біртанов.

Ол үш факті келтірді. Біріншіден, бір істі екіге бөлу заңды бұзу. Екіншіден, алаяқтық ісі осы уақыт ішінде қарқынды түрде жасырылған және үшіншіден, қаржы мониторингі агенттігі Эриксонның қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс жоқ деді. Бірақ Біртановтың айтуынша, АФМ қызметкері сыртқы істер министрлігін, шетелдік компанияларды жаңылыстырғанын атап өтті. Себебі факті бойынша қызметкерлер тергеу жүргізілуде.

«Сізден сыртқы істер министрлігіне тиісті сұрау жолдауыңызды және осы құжаттарды осы жерде ұсынуды сұраймын. Егер қаржы мониторингі агенттігі осы құжаттарда көрініп тұрғандай, "Эриксон Никола Тесла" қылмыс жасады деп санамаса, демек, олардың тарапынан орындалмаған жұмыстар болған жоқ. Онда біз мұнда не істеп жатырмыз?» – деді экс-министр.

Похожие материалы