Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Burger King ерлерге арналған иіссу шығарды

Burger King ерлерге арналған иіссу шығарды

Жапониядағы Burger King ер адамдарға арналған "Жалынды гриль" атты иіссуын шығармақшы. Бұл жөнінде фастфудтың ресми сайтында жазылды. Әтірлер мейрамхананың фирмалық бургері - воппермен бірге сатылатын болады. Жинақтың бағасы 5 мың йенаны (шамамен, 41 доллар) құрайтын болады. Бір адамға тек бір шиша (флакон) ғана беріледі.

Иіссу жарнамасының компаниясы "Вопперсіз өмір жоқ" (No whopper, no life) деген ұранды ұстанған. Шектеулі санмен ғана шыққан бургер мен иіссу жинағы 1 сәуір күні, тек бір күн ғана  Жапониядағы Бургер Кинг желілерінде сатылатын болады.

Иіссу сатылым туралы хабарламаны жарнама ролигінің шығу уақытымен байланыстырылған. Жарнамада қара классикалық костюм киген жігіт лимузинде өзінің құрбысын бургер дүкеніне әкеледі. Екі жұп вопперге тапсырыс беріп, дәмді тамақты құшырлана жейді.

2008 жылы Burger King "Жалын" атты ер адамдар иіссуын шығарған болатын.

2014 жылдың ортасында жапониялық Burger King қара бургердің екі түрін шығарған болатын. Ол тағам да иісу секілді тек бір күн ғана сатылымда болды. Бургердің құрамына қара бөлке нан мен қара ірімшік кірген. Кейбір ингредиенттерді бояу үшін кальмар сиясы мен бамбук көмірі пайдаланылған.

Похожие материалы