Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Бузул Аурум" басшысы зейнетақы қорына берешектің бір бөлігін қайтарды

"Бузул Аурум" басшысы зейнетақы қорына берешектің бір бөлігін қайтарды

Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz - "Бузгул Аурум" проблемалы серіктестігінің құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) өз қаражаты есебінен 584,5 млн теңге аударды. Осылайша ол  Қорға келтірілген залалдың бір бөлігін қайтарды.

"2019 жылдың 10 қаңтарына қордың пайдасына 584,51 млн теңге көлемінде қаржы аударылды. Берешек сомасын одан әрі өтеу жауапкерлерге қатысты қозғалған атқарушылық іс жүргізу шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі таңда қарызды өтеу бойынша өзге ұсыныстар түскен жоқ", - деп хабарлады БЖЗҚ. 2016 жылдың 26 қарашасында ҰҚК департаменті БЖЗҚ  "Бузул Агрумның" 5 миллиард теңге көлемінде іс жүзінде белсенді емес облигацияларын сатып алғандығы туралы іс қозғады. 2017 жылдың басында Бақытжан Кенжебаев "Бузул Аурумның" келтірген зиянының бір бөлігін төлеу үшін  БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңеске жүгінді. Қорға Бақытжан Кенжебаевтан күшіне енген сот үкімінсіз қаражат аударуға арналған сомма шамамен 800 млн теңгені құрады.

Похожие материалы