Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ қаржысын электржелілерінің құрылысына жіберу ұсынылды

БЖЗҚ қаржысын электржелілерінің құрылысына жіберу ұсынылды

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz - БЖЗҚ-ға (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) тиесілі 36 млрд теңгені Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алма электржелісінің екінші кезеңі үшін бөлу керек. "Самұрық-Қазына" басқарма мүшесі Берік Бейсенғалиев үкімет отырысында осындай мәлімдеме жасады.  

Оның сөзінше, жоғарывольтті Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік желісінің жобасы үлкен екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі - Екібастұз-Семей-Өскемен желісі, екінші кезеңі - Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алма желісі.

"Жұмыстың бірінші кезеңі бойынша жоспардан ерте аяқталды. Құрылыс толығымен қордың өз қаражатына жүргізілді. Жобаның екінші кезеңі графикпен сәйкес жүргізіліп жатыр. 2017 жылы 360 шақырым, 2018 жылы 359 шақырым құрылады", - деп түсіндірді ол.

Бейсенғалиевтің сөзінше, екінші кезеңге қажетті қаржы KEGOC-тың купонды облигацияларын сатылымға шығару арқылы тартылған, сондай-ақ БЖЗҚ-дан 47,5 млрд теңге көлемінде қаржы алынған.

"Енді 2017 жылы жобаны қаржыландыру үшін қосымша 36,3 млрд теңге қажет. Қаржы көзі ретінде БЖЗҚ-дан қаржы алуды ұсынып, тиісті шешім қабылдауды сұранып отырмыз", - деді ол.

Похожие материалы