Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ басқарма басшысы ауысты

БЖЗҚ басқарма басшысы ауысты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) басқарма басшысы болып Руслан Ерденаев тағайындалды деп хабарлайды БЖЗҚ сайты.

Долорес Медеушееваның орнын алмастырған Р.Ерденаев осыған дейін БЖЗҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметінде болған еді. Д.Медеушеева басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан кетті деп жазылған хабарламада. Сондай-ақ, БЖЗҚ басқармасының құрамына басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сәуле Дүйсенова және басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Махмеджанов кірді. БЖЗҚ (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры) Қазақстандағы жұмысын 2013 жылдың 22 тамызында бастады. Қор МЖЗҚ негізінде құрылған. БЖЗҚ -ның құрылтайшысы және негізгі акционері республика үкіметі, БЖЗҚ-ның зейнетақы актвитерін басқару Қазақстанның Ұлттық банкінің жүктелген.

Похожие материалы