2015 жылдың 26 наурызында жеке ЖЗҚ мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін біріктіру шарасының негізгі кезеңінің аяқталғандығына бір жыл толды. Жиналған ақшаның жалпы соммасы 4,5 трлн теңгеден асып түсті.
БЖЗҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шарттардың барлық түрлері бойынша БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 9 959 267 бірлік болды. Зейнетақы қорланымдарының жалпы соммасы 4,5 трлн теңгеден асып түсті. 2014 БЖЗҚ алған және салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-на таратылған инвестициялық табыс 183,96 млрд теңгені қамтыды.
Жалпы алғанда 2014 жылы қазақстандықтардың зейнетақы жиындары 784,4 млрд теңгеден асты. Оның ішінде салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-на таратылған жинақтаушы зейнетақы жүйесі (ЖЗЖ) бойынша инвестициялық табыстың жалпы соммасы 234,4 млрд теңге болды.
2014 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жылдық көріністе 6,31% болды, бұл 2013 жылдың ЖЗЖ бойынша табысынан (2,2%) біршама жоғары. Инвестициялық табыстың жоғарылау үрдісі 2015 жылдың екі айында да сақталды. 2015 жылдың екі айында БЖЗҚ алған және салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-на таратылған инвестициялық табыс - 37,65 млрд теңге. 2015 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы қорланымдарының жалпы соммасы 4,6 трлн теңге болды.
2014 жылдың 12 айында БЖЗҚ-дан болған зейнетақы төлемдерінің соммасы - 93,04 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылған сомма 13,6 млрд теңге көлемінде.
2015 жылдың қаңтар-ақпанында зейнетақы төлемдерінің соммасы - 31,54 млрд теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына 2,38 млрд теңге аударылған.
2015 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да жиналған қордың жалпы соммасы 32,64 млрд теңге міндетті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша 357 841 ЖЗШ ашылған.