Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ инвестициялық табысы 58,25 млрд теңгені қамтыды

БЖЗҚ инвестициялық табысы 58,25 млрд теңгені қамтыды

2015 жылдың наурыз айында зейнетақы жиындарының жалпы соммасы 4,7 трлн теңгеден асып түсті деп хабарлайды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) баспасөз қызметі.

"Ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша шарттардың барлық түрлері ойынша БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны - 9 986 467 бірлік. Зейнетақы жиындарының жалпы соммасы 4,7 трлн теңгеден асты. БЖЗҚ-ның 2015 жылдың бірінші тоқсанында тапқан және салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-ы арасында таратылған инвестициялық табыс 58,25 млрд теңгені қамтыды", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған қоса, БЖЗҚ хабарлауынша, 2015 жылдың қаңтар-наурызындағы зейнетақы төлемдерінің сомасы 42,43 млрд теңге болды, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылған сома - 3,39 трлн теңге.

БЖЗҚ аймақтық желісі 240 қызмет көрсету кеңселерінен тұрады. Қордың аймақтық құрылымына 18 филиал кіреді - әр облыс орталығында, республикалық маңызға ие қалаларда (Алматы және Астана), және облысқа бағынышты ірі қалаларда (Жезқазған және Семей) бір-бірден. Филиалдар жанында 23 бөлімше және 199 жеке қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.

Ақпарат көзі: kapital.kz

Похожие материалы