Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ-ның бұрынғы басшыларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

БЖЗҚ-ның бұрынғы басшыларын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz - БЖЗҚ-ның бұрынғы басшыларын қамауда ұстау мерзімі 6 айға ұзартылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Алмалы аудандық соты 2017 жылдың 28 маусымына дейін «БЖЗҚ» АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Руслан Ерденаевты, «БЖЗҚ» АҚ департамент басшысы Мұса Бахтовты, «Алатау Мұнай Алтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Б.Кенжебаевты, «БузгулАурум» ЖШС басшысы А. Найзағаринді бұлтартпау шарасын 6 айға ұзарту (қамауға алынған мерзімнен бастап) туралы шешім шығарды. Яғни, олар уақытша оқшаулау орталығында 28 маусымға дейін отырады», - деді Диас Махамбетов.

Сонымен қатар, «Мегатрансазия» ЖШС басшысы Талғас Тұртаевты қамауда ұстау мерзімі де 4 айға, яғни 23 маусымға дейін ұзартылды.

Бұған дейін «БЖЗҚ» АҚ басшысының бұрынғы орныбасары Дабыр Медетбековтың қамауда 8 маусымға дейін отыратынын жазған болатынбыз.

Айта кету керек, БЖЗҚ-ның бұрынғы басшыларына ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімінде көзделген қылмыс жасады деп айып тағылған болатын.

Похожие материалы