Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы 316 млрд теңгеге жетті

БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы 316 млрд теңгеге жетті

Алматы. 31 тамыз. 7kun.kz - 2017 жылдың алғашқы 7 айында БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы 316 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

2017 жылдың қаңтар-шілдесінде БЖЗҚ-ның инвестициялық табысы 316 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен қарағанда 24 пайызға көп. Салым портфелінің құрылымында ҚР Ұлттық банкі мен ЕДБ-дің үлесі артты. Ал мемлекеттік құнды қағаздар мен корпоративті облигацияларға салынған салым мөлшері қысқарып келеді.

2017 жылдың маусымының соңында БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинағының жалпы көлемі 7 трлн теңгені, ал шілденің соңында 7,3 трлн теңгені құрады. Жыл басынан бері жинақ 8,8 пайызға (588,0 млрд теңге) өсті. Орташа айлық өсім 84 млрд теңгені (1,2%) көрсетті.

2017 жылдың шілдесінде міндетті жарналар көлемі 56,7 млрд теңге болды. Бұл 2016 шілдесімен салыстырғанда 2,4 есе көп. Осы жылдың қаңтар-шілдесінде міндетті салымдардың жалпы көлемі 403,5 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 76,3 пайызға артық. Ең жоғары өсім маусымда байқалды (61,3 млрд теңге).

Похожие материалы