Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірісі 531 млрд теңгені құрады

БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кірісі  531 млрд теңгені құрады

Алматы. 30 қаңтар. 7kun.kz -  2016 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтері бойынша инвестициялық кіріс 531 млрд теңгені құрады. Осылайша, өткен жыл бойы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша орташа алынған ай сайынғы кіріс 44,3 млрд. теңге деңгейінде болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов хабарлады.

Қаржы реттеушісінің өкілі 2016 жылғы 12 айда зейнетақы активтерінің 848,7 млрд теңгеге 6,7 трлн. теңгеге дейін ұлғайғанын атап өтті, бұл ретте бұл өсімнің 62,6%-ын алынған инвестициялық кіріс құраған.

Ғалымжан Пірматовтың ақпараты бойынша, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 6 685,3 млрд теңге болды, оның ішінде:

  • 5 334,9 млрд теңге (80%) мөлшеріндегі зейнетақы жарналары;
  • 1 350,4 млрд теңге (20%) мөлшеріндегі инвестициялық кіріс.

«БЖЗҚ» АҚ құрылған сәттен бастап сақтандыру ұйымдарына аударымдарды қоса алғанда, салымшыларға төленген зейнетақы төлемдерінің көлемі 410,6 млрд теңге болды.

Ғалымжан Пірматов инвестициялық кірісті есептеу күн сайын жүзеге асырылатынын хабарлады. Оның шамасы мынадай қаржы құралдары – облигациялардан, депозиттерден және акциялардан тұратын инвестициялық портфельдің құрылымына байланысты болады. Сондай-ақ, тәуекелдерді төмендету мақсатында зейнетақы активтерінің бір бөлігі шетел валютасында шығарылған бағалы қағаздарға инвестицияланған. Инвестициялық кіріс сомасы бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау, шығарылған бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы, шетел валютасы бағамдарының өзгеруі және басқа да факторлар нәтижесінде қалыптасады.

Похожие материалы