Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ портфелінде Delta Bank-тің 38,4 млрд теңгелік активі бар

БЖЗҚ портфелінде Delta Bank-тің 38,4 млрд теңгелік активі бар

Алматы. 22 ақпан. 7kun.kz - 2017 жылғы қаңтардың 1-індегі ақпаратқа сәйкес, Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының инвестициялық портфелінде ақпанның ортасында S&P агенттігі ұзақ және қысқамерзімді кредиттік рейтингін дефолт деңгейіне дейін түсірген Delta Bank-тің активтері бар екені белгілі болды. Бұл туралы kapital.kz жазды.

1 қаңтардағы деректер бойынша, БЖЗҚ портфелінде Delta Bank-тің жалпы құны 24,9 млрд теңгені құрайтын облигациялары мен акциялары бар. Нақтырақ айтсақ, сомасы 456,4 млн теңгені құрайтын банк акциялары мен 24,5 млрд теңгеден асатын қарызы бар. 14,8 млрд теңгені құрайтын облигацияны Delta Bank 2023 жылдың 22 маусымына дейін өтеуі тиіс.

Аталған банк пен зейнетақы қорының инвестпортфеліндегі ақпараттарға сүйенсек, банк облигациялар арқылы алған 9,8 млрд теңге (барлық соманың 97,9 пайызы) БЖЗҚ-дан бөлінген. Бұл - Delta Bank пен БЖЗҚ арасындағы келісім нәтижесінде зейнетақы қорының салымшыларына 9,6 млрд теңге әлі қайтпады деген сөз.

Сондай-ақ, қордың инвестициялық портфеліндегі деректерге сәйкес, Delta Bank депозиттерінде зейнетақы қоры салымшыларының 13,4 млрд теңге қаржысы сақталып тұр.

Халықаралық Standard & Poor’s рейтинг агенттігі Delta Bank-тің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін СС/С деңгейінен D/D «дефолт» деңгейіне дейін төмендеткенін хабарлаған едік. Банктің ұлттық көрсеткіш бойынша рейтингі де kzCC-ден D-ге дейін азайған.

«Бұл өзгеріс 9,8 млрд теңге көлеміндегі негізгі қарыз сомасын төлемеуіне байланысты. Олар ішкі нарықта қамтамасыз етілмеген облигациялар түрінде жарыққа шығарылған, жеңілдік мерзімі 2017 жылдың 14 ақпанында аяқталды», — делінген агенттік хабарламада.

Халықаралық рейтинг агенттігі бұл жағдайды Delta Bank-тың міндеттемелері бойынша жалпы дефолты деп қарастырып отыр.

«Delta Bank бұрынғысынша Ұлттық банк тарапынан қолдау күтіп отыр. Осыған дейін келісілгендей өтімді құрал-жабдықтар банктің мажоритарлы акционері Нұрлан Тілеубаевқа берілген жағдайда көмек беріледі. Акционерлер немесе Ұлттық банк тарапынан қолдау болған жағдайда ғана «Delta Bank» АҚ-ның рейтингін қайта қарап шығамыз», - деген еді S&P.

Похожие материалы