Алматы. 23 тамыз. 7kun.kz - БЖЗҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сәуле Егеубаева реквизиттерді электронды үкімет порталы арқылы өзгерістер енгізуге болатын қызмет түрінің қолданысқа енгенін хабарлады.
БЖЗҚ үш мобильді офис сатып алуды жоспарлап отыр. Осылайша, мамандар шалғайдағы аудандар мен ауылдарды аралайтын болады. Егер бұл жоба өз нәтижесін берсе, екі-үш жылдың дерегінде қордың филиалдарын мобильді офистермен жабдықтау жоспарланып отыр. Түзетулер енгізілген жоспарға сәйкес, БЖЗҚ-ның жалпы шығындары бұған дейін бекітілген құжатпен салыстырғанда шамамен 12 млрд теңгеге (28%) қысқарады. Атап айтқанда, еңбекақы төлеу шығыны 2,47 млрд теңгеге (24%), операциялық жалдау шығыны 419,7 млн теңгеге (30%), іс-сапар шығындары 419,7 млн теңгеге (30%), зейнетақы активтерін сенімді басқаруға кететін шығындар 6,2 млрд теңгеге (33%) азаяды.
Бірінші жартыжылдықтың нақты нәтижелерін өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырар болсақ, еңбекақы төлеу және іс-сапар шығындары 0,5 млрд теңгеге (12%), үй-жайларды ағымдық жалға алу шығыны 74,8 млн теңгеге (14%) қысқарды.
Айта кетейік, 2017 жылдың III-IV тоқсанында VTM-терминалдарды қолданысқа енгізу процесі аяқталады. Сатып алынған мұндай терминалдардың саны – 4. Аталған терминалдар тұрғындарға қордың операциялық қызметкерлерімен қашықтықтан интерактивті байланысқа шығуына мүмкіндік береді.
Дереккөз: abctv.kz