Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ-ның 5 млрд теңгесі қашан қайтарылады?

БЖЗҚ-ның 5 млрд теңгесі қашан қайтарылады?

Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz – Ұлттық банк  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) 5 млрд теңге көлемінде өтемақы төлеу жағдайын түсіндіріп берді.

2018 жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БЖЗҚ бұрынғы төрағасы Руслан Ерденаевтан және басқа да айыпталушылардан БЖЗҚ пайдасына 5 млрд теңге өндіріп алу туралы талапты қанағаттандырды. Үкімді ерікті түрде орындау үшін үш ай мерзім берілді.

"Сот шешімі 2018 жылғы 22 маусымда заңды күшіне енді. Қазіргі уақытта үкімді ерікті түрде орындау үшін белгіленген мерзім аяқталды. Сот үкімі азаматтық талап бойынша орындалмаған. Осыған байланысты орындау мәжбүрлеу тәртібімен жүзеге асырылады", – деді Ұлттық Банк өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың 22 қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті (ҰҚК) БЖЗҚ сатып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

2017 жылдың қаңтар айында осы іске қатысы бар Руслан Ерденаев, Муса Бахтов, Бақытжан Кенжебаев, Азат Найзағарин тұтқындалды.

Айыпталушылардың қамауға алу мерзімін бірнеше рет ұзартты. 2018 жылдың сәуір айында Ерденаевты 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықты.

Похожие материалы