Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зейнетақы жинақтарының 62 млрд теңгесі банктерге бөлінді

Зейнетақы жинақтарының 62 млрд теңгесі банктерге бөлінді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 62,2 млрд теңгесі 12 банкке шағын және орта бизнесті несиелендіру үшін берілді. Алдағы уақытта бұл бағытқа 200 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр.  Бұл жөнінде ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов мәлімдеді.

«Ұлттық Банк банктерді кредиттеу әлеуетін ескеретін лимиттерді айқындау бойынша транспарентті және түсінікті тетіктері, сондай-ақ активтер мен міндеттемелердің құрылымын әзірлеп бекітті», - деді ол.

Оның айтуынша, банктерге бөлінген қаражатты игеру және нысаналы пайдалану мониторингін осы салада біршама тәжірибесі бар «Даму» КДҚ» АҚ жүзеге асырады.

Ғ. Пірматов Президенттің 2016 жылғы 10 ақпандағы тапсырмасына сәйкес 2016 жылы бірқатар бағыттар бойынша инвестицияланатынын атап өтті. Оның ішінде 600 млрд теңге екінші деңгейдегі банктерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерін негізделген қаржыландыру арқылы шағын және орта бизнесті қолдауға және экономиканың аса маңызды секторларын ынталандыруға жұмсалады.

БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялау қайтарымды негізде жүзеге асырылады.

Похожие материалы