Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БЖЗҚ салымшыларының шотына бөлінген таза инвестициялық кіріс 917,10 млрд теңге болды

БЖЗҚ салымшыларының шотына бөлінген таза инвестициялық кіріс 917,10 млрд теңге болды

Алматы. 20 ақпан. 7kun.kz – 2018 жылдың қорытындылары бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына бөлінген «таза» инвестициялық кіріс 917,10 млрд теңге болды, ол мөлшері 848,3 млрд теңге болған зейнетақы түсімдерінің көлемінен 8,1%-ке асып түсті.

БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық кірістің жалпы сомасы 977,2 млрд теңгені құрады.

Инвестициялық кірістің негізгі көлемі қаржы құралдары бойынша сыйақы түріндегі кірістерге, сондай-ақ шетел валютасын қайта бағалаудан кірістерге тиесілі болды. Олардың үлесі тиісінше 56,8% және 40,3% болды.

2018 жылы инфляция деңгейі 5,3% мөлшерінде болған кезде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 11,3% болғанын еске саламыз. Нақты көрсетуде (инфляцияны қоспағанда) кірістілік  5,97%-ті құрады.

Похожие материалы