Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматыда Carrefour Kazakhstan гипермаркеті жабылады

Алматыда Carrefour Kazakhstan гипермаркеті жабылады

Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz - 2 шілде күні Алматыда Carrefour Kazakhstan сауда орталығы жабылады. Бұл туралы Carrefour дүкені өзінің фейсбуктегі ресми парақшасында жазды.

"Достар! Бізбен бірге сауда жасағандарыңызға алғыс айтамыз! Сіздерге 2 шілде күні Carrefour гипермаркетінің жабылатынын хабарлаймыз!", - деп жариялады Facebook-тегі ресми парақшаларында .

Еске салсақ, 2016 жылы ақпанда француздық Carrefour дүкендер желісі Алматыда алғашқы гипермаркетін ашқанын хабарлағанбыз. Ашылуынан кейін дүкен жұмысымен танысуға президент Нұрсұлтан Назарбаев келген болатын. Мұнда 40 мыңға жуық тауар түрлері сатылып, 450 қызметкер жұмыс істейді.

Бұған дейін, Қазақстан ретейлерлер Қауымдастығының президенті Василий Горевойдың Қазақстаннан шетелдік брендтердің үштен бірінің кетуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Похожие материалы