Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – 1-31 наурыз аралығында Алматы және Шымкент қалаларында EuroMebel дүкендерінің сатып алушыларына дүкеннен шықпай-ақ, ЦентрКредит Банкінің мақұлдауын алып, ақысын бөліп төлеу арқылы тауар сатып алу мүмкіндігі ұсынылады.
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы EuroMebel желісі салондарында тауарларды сатып алу үшін кредит беру акциясын бастағанын хабарлайды. Бұл акция бойынша Банк менеджерлері тікелей қызмет көрсетпейді, барлық шешімдер дүкен қызметкерлерінің көмегімен қашықтан қабылданады. Бұл өз кезегінде клиенттердің өтінімдерін қарастыру процесін едәуір жылдамдатады.
«Біз осы акцияны қуана ұсынамыз. Ол EuroMebel клиенттеріне ыңғайлы әрі жылдам сервисті ұсыну үшін әзірленген... Ақысын бөліп төлеу арқылы тауар сатып алу – қазіргі заманның соңғы тенденциясы. Әрине, біз шетте қалмай, пайызсыз кредит алудың «классикалық» тәсілін айтарлықтай жеңілдеттік. Енді сатып алушыға кредит бойынша шешімді алу және құжаттарды ресімдеу үшін Банк бөлімшесін немесе менеджерін іздеудің қажеті жоқ. Ақысын бөліп төлеу қызметі бойынша шешім тікелей серіктестердің дүкендеріндегі «кассада» 3 минут ішінде қабылданады», – деді Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур Ишмуратов.
Акция қысқа мерзім ішінде, бір ғана құжат – жеке куәлікпен, үш әрекет жасай отырып, тауардың құнын бөліп төлеу арқылы сатып алуды мақұлдауға мүмкіндік береді.
1-әрекет: клиент серіктеске келіп, тауарды таңдайды;
2-әрекет: серіктес өз бетінше кредит беру туралы өтінімді жүйеге енгізеді;
3-әрекет: Банк өтінім бойынша «қорытынды» ұсынады.