Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Цеснабанк атын өзгертіп, «Жусан банк» деп аталады

Цеснабанк атын өзгертіп, «Жусан банк» деп аталады

Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – «Цеснабанк» АҚ атын «First Heartland Jýsan Bank» АҚ деп өзгертті. Бренд ретінде қысқаша Jýsan Bank («Жусан банк» қазақ латын әліпбиімен бекітілген).

«Біз Ұлы Даланың өзгеруі мен жаңаруын бейнелейтін жусанның көктемгі иісін білеміз. Шын мәнінде, бұл біздің Отанымыздың иісі, ол дәуірлерді байланыстырады: өткен, қазіргі және болашақ. Жаңа қазақ латын қарпінде орындалған Банктің атауы біздің құндылықтарымызды, яғни бірегейлік пен прогрессті бейнелейді», - деп түсіндірді бұл өзгерісті банктің басқармасының төрағасы Бекжан Пірматов.

Айта кетейік, ребрендинг туралы шешім банктің жаңа бизнес стратегиясы аясында қабылданды. 2019 жылы сыртқы жарнама элементтері кезең-кезеңімен өзгертіледі, Jýsan Bank атымен және логотипімен жаңа банк өнімдері мен басқа да тасушылар енгізіледі. Бұл ретте, клиенттерге алаңдаудың және банкпен жұмыс істеуге байланысты құжаттарға қандай да бір өзгерістер енгізудің, карталарды қайта шығарудың және шарттарды қайта қол қоюдың қажеті жоқ.

Басқарма төрағасының айтуынша, банк транзиттік кезеңді табысты еңсерді және бәсекелестік шарттары бар жаңа несиелік өнімдерді іске қосты. 1 сәуірдегі жағдай бойынша Банк 680 млрд теңгеден астам немесе барлық активтердің 70%-ы жоғары өтімді активтер үлесі бойынша нарық көшбасшыларының үштігіне кіреді. Сондай-ақ кредиттік портфельге құрылған резервтердің көлемі бойынша бірінші орында тұр.

«Jýsan Bank-тің атауын өзгерту біздің команда үшін де, біздің клиенттер үшін де жағымды оқиға. Біз Jýsan Bank - те барлығы жайлы әрі сенімді болуын қалаймыз», - деді Бекжан Пірматов.

Похожие материалы