Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Цеснабанк» Ұлттық Банкке қарызын өтеді

«Цеснабанк» Ұлттық Банкке қарызын өтеді

Алматы. 12 қыркүйек. 7kun.kz – «Цеснабанк» АҚ 2018 жылдың тамызында өтімділіктің қосымша қорын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ұлттық Банкінен 150 млрд теңге қысқа мерзімді қарыз алған болатын, деп хабарлайды банктің ресми сайты.

Аталған қарыз «Банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және ҚР ҰБ-ның нормативтік актілеріне сәйкес жұмылдырылды.

2018 жылдың 5 қыркүйегінде «Цеснабанк» АҚ қарызды 100 млрд теңге сомасында ішінара өтеді, қарыздың қалған бөлігі, соның ішінде сыйақы жақын арада өтеледі. Қысқа мерзімді қарызды өтеу Банктің меншік қаражаты есебінен жүргізілді.

«Цеснабанк» АҚ өтімді активтер көлемін иеленеді, тұрақты режимде жұмыс істейді, реттеушінің пруденциялық нормативтерін және өзге де талаптарын орындайды, сондай-ақ төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді толық көлемде жүзеге асырады.

Похожие материалы