Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Chartbeat үшін қазақстандық сайттардан өтінім қабылдау аяқталады

Chartbeat  үшін қазақстандық сайттардан өтінім қабылдау аяқталады

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz - Бүгін Қазақстанда БАҚ аналитикасы қызметін ұсынатын Chartbeat құралындарына өтінім қабылдау аяқталады, деп хабарлайды 7kun.kz.

Келесі жылдан бастап 25 қазақстандық сайт әлемдік БАҚ қолданатын сараптама құралын тегін пайдалана алады. Жобаны Инновация қорының қаражаты арқылы Қазақстандағы АҚШ елшілігі қаржыландырады. Жоба операторы - Қазақстандық баспасөз клубы.

Жобаға өтінім қабылдау бүгін тоқтайды.

«БАҚ қызметінде дұрыс, шынайы өлшемнің болуы жетілген нарықтың белгісі. Бұл нарықта дамыған, сапалы контенті технологиялық жағынан оңтайланған ресурстар жұмыс істейді деген сөз. Мұның екінші жағы жарнама беруші мен БАҚ арасындағы дұрыс қарым-қатынастың барын білдіреді. Медиа ресурс әлеуетін өлшеудег кез-келген кемшіліктің салдары бар және бұдан тек БАҚ зардап шегеді. Қазақстанға мойындалған халықаралық технологиялардың келуі өте маңызды. Сондықтан халықаралық дәрежедегі беделді құралды қазақстандық медиа нарықтағы негізгі ойыншылар қолдайды. Қазір аналитикалық мықты құралды қолдануға, дамуға, аудиториямен, жарнама берушілермен жұмыс істеуге мүмкіндік алатын интернет-ресурстардың шектеулі тізіміне кіруге мүмкіндік бар. Бұл құрал бәсекелестік қалыптастыруға, интернет-алаңда ойыншының өміршең болуына мүмкіндік береді», - дейді Alash Media Group бас директоры Батыр Қазыбаев.

Алайда сарапшылар кейбір БАҚ ерекше мүмкіндікті қолдануға асықпай отыр дейді. Өйткені қажетті көрілім санын «ұлғайтып» алуға мүмкіндік азаяды.

«Өкінішке қарай интернеттің қазақстандық сегментінде сайтқа келушілер санын көрсетудің түрлі алаяқтық тәсілдері кең тараған. Көпшілігі трафикті қолдан өсіруге әуес. Бұл жарнамалық тартымдылық үшін жасалады. Бұл өзін, жарнама берушіні алдау.  Ерекше атап өткім келетіні, бұл жобаға қазақтілді БАҚ қатысуға ерекше қызығушылық білдірсе. Қазір қазақстандық интернет кеңістіктегі тренд туралы айтсақ – қазақ аудиториясының қарқынды өсуі байқалады, мұның артынан қазақтілді контентке сұраныс өседі. Мұның артында жарнама берушілермен дұрыс жұмыс қалыптастыру басталады. Бұл құралдың арқасында интернет кеңістікке жарнама тарту кәдімгі дәстүрлі медиа – телевизия, радиодағыдай болады»,- дейді Батыр Қазыбаев.

Айта кетейік, жобаға мониторинг жасау үшін Тәуелсіз қамқоршылар кеңесі құрылған. Оның төрағасы Михаил Дорофеевтің айтуынша қазақстандық БАҚ-қа ашықтық жетіспейді. Қолданыстағы есептегіштер сенім ұялапайды, өйткені қаралым санын қалай есептейтіні түсініксіз. Chartbeat бағдарламасы барлық мәліметті нақты уақыт жағдайында бірден беріп отырады.

«Бізге медиа ашықтық жетіспейді. Бұл жобаны енгізу редакцияларға өз аудиториясын түсінуге мүмкіндік береді. Өнім өте тамаша, бұл бізге аудиторияны түсінуге, жақсы жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп үміттенемін. Егер ірі ойыншылардың барлығы бір құралды қолданса, оның нәтижесін жарнама берушілер де қарайтыны анық. Бұл жарнама берушілер түсініксіз құралға емес, аудиториямен нақты жұмыс істейтін БАҚ-қа сенеді. Нәтижесінде жарнамалық бюджетті көбірек алуға мүмкіндік бар», - дейді Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Михаил Дорофеев.

Қазақстандық баспасөз клубының жетекшісі Әсел Қарауылованың айтуынша көптеген БАҚ өтінім беріп үлгерген.

«Алайда біз БАҚ-ның көбірек, әсіресе аймақтық БАҚ-ның қатысқанын қалаймыз. Бағдарлама шынымен ерекше. Өйткені бұл бүгінгі таңда БАҚ үшін нөмірі бірінші құрал ретінде контентті барлық жағынан өлшеп, БАҚ жұмысын тиімді қылуға көмектеседі. Халықаралық сарапшылардың мәліметінше Chartbeat бәсекелестікті арттырып, жарнама берушілердің санын көбейтуге мүмкіндік береді. БАҚ-ның бәсекелестік алаңында жұмыс істегені маңызды, ал жобаның көмегімен мұны жүзеге асыруға болады»,-дейді Қазақстандық баспасөз клубының жетекшісі Әсел Қарауылова.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жобаға қатысушы 25 сайт конкурс негізінде іріктеліп алады. Олар Қазақстанда бірінші рет Chartbeat аналитикалық құралын алғашқы жылы тегін, екінші жылы 70% жеңілдікпен қолдануға мүмкіндік алады. Сондай-ақ жобаға қатысушылар  Chartbeat өкілдерінен кеңес алып, білім жетілдіреді.

Айта кетейік, Chartbeat-ті әлемнің 60 еліндегі USA Today, CNN, The New York Times, Vox, Fox News Channel, The Washington Post, MSN, BBC, Le Monde, Ringier, The Independent, El Tiempo, Caracol Television, Nikkei America, Media Prima сынды жетекші БАҚ қолданады.

Похожие материалы