Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Chocofamily интернет-холдингі бәсекелесі Foodpanda-ны сатып алды

Chocofamily интернет-холдингі бәсекелесі Foodpanda-ны сатып алды

АЛМАТЫ. 17 мамыр. 7kun.kz - Chocofamily интернет-холдингі 700 млн тенге инвестиция тартып, бәсекелесі Foodpanda Kazakhstan компаниясын сатып алды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Chocofamily-дің негізін салушы Рамиль Мухоряпов айтты.

Қосымша қаражатты Freedom Finance пен I2BF Global  серіктесі Әділ Нұрғожин салған.

Foodpanda Delivery Hero халықаралық онлайн-тапсырыс беру қызметінің құрамына кіретін және  тамаққа онлайн тапсырыс беру жөнінен Chocofamily-дің негізгі бәсекелесі еді.

Бірігуден кейін Chocofood.kz food-tech-қызмет нарығының 80% иелік етеді.

Айта кетейік Chocofamily осымен үшінші рет ірі инвестиция тартып отыр. 2013 жылы DEMUS Capital - $400 мың, 2016 жылы компания бірнеше ІТ компанияның жетекшісі Мұрат Әбдірахманов $1 млн нвестиция салған еді.

2011 жылдан бері компанияның капиталдануы 147 есеге өсіп, инвестициялардың нәтижесінде $15 млн құрады. 2016 жылы жылдық айналымы 6,2 млрд теңгеден 11 млрд теңгеге өсті. Ал тіркелген қолданушылар саны 1,2 млн аадмнан асты. 2017 жылы компания айналымы 19 млрд теңгеден асады деп жоспарлап отыр.  Холдинг құрамына кіретін Chocofood қызметі 2013 жылдың тамыз айында іске қосылған еді. Сервис базасында 120 мың қолданушы, 500 мейрамхана тіркелген. Foodpanda-мен біріккеннен кейін мейрамханалар саны 700-ге көбейеді.

Дінмұхаммед Алдаберген

Похожие материалы