Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Christie`s аукцион үйі құны $300 000 ең қымбат сөмкені сатты

Christie`s аукцион үйі құны $300 000 ең қымбат сөмкені сатты

Гонконг. 31 мамыр. 7kun.kz - Дүйсенбі күні Гонконгтағы Christie`s аукцион үйінде 300 000 доллар тұратын Hermes Birkin сөмкесі саудаланып, иесін тапты.

Лот бағасы бұрын-соңды болмаған әлемдік рекорд орнатты. Ал сөмке болса әлем бойынша сатылған ең қымбат деп танылды. Ашық түсті теріден, яғни "гималай қолтырауынынан" жасалған сөмке 750-сынамалы ақ алтынмен және гауһар тастармен көмкерілген. "Әлемде жыл сайын осындай сөмкенің бір не екі данасы ғана жасалады. Сөмкені атын атауды қаламаған Азияның коллекция жинаушысы сатып алған. Бұйым 194-259 мың доллар шамасында бағаланған. "Өнердің бұл туындысы алғаш рет 2008 жылы жасалған еді. Барлық жұмысты бір ғана шебер жасап шыққан", - дейді Christies аукцион үйнінің қызметкерлері.

Похожие материалы