Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Соңғы 10 жылда Қазақстаннан 205 шенеунік 8 млрд доллар ұрлап кеткен

Соңғы 10 жылда Қазақстаннан 205 шенеунік 8 млрд доллар ұрлап кеткен
Алматы. 8 желтоқсан. 7kun.kz - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров бұрынғы шенеуніктердің елден 8 миллиард доллардан аса ақша алып кеткенін айтты деп хабарлайды tengrinews.kz.

"Cоңғы 10 жылда Қазақстаннан тыс жерде жасырынып жүрген 205 жемқордың 152-сі елге қайтарылды. Алайда елден 8 миллиардтан астам АҚШ долларын ұрлап кеткен бұрынғы министрлер мен әкімдер, Әбләзов, Храпуновтар жанұясы әлі күнге дейін шетелде жасырынып жүр. Шетелдік әріптестерімізбен серіктестігіміздің нәтижесінде әрбір қашқын жемқор әділ жазасын алады. Жауапкершіліктен қашудың қандай үлгісін қолданса да, ешкім жазадан қашып құтыла алмайды. Күшті біріктіре отыра, біз қылмыскерлерді экстрадициялауды және активтерді қайтаруды қамтамасыз етуіміз керек", - деді Қайрат Қожамжаров.

Қожамжаровтың айтуынша, ұрланған ақшаны қайтару кез келген ел үшін өзекті мәселе.

"Қашып жүрген қылмыскерлер мен ұрланған активтерді басқа құзыреттен қайтарып алу - әрбір мемлекет үшін өзекті мәселе. Қазіргі уақытта әлемдік қауымдастықпен шетелдік банктердегі шот ұстаушылар туралы деректерді ашуға, оффшордан шығару бойынша белсенді шаралар қабылданып жатыр. Қазақстан мұндай шараларды қолдайды және өзара әрекеттесуге дайын", - деді Қожамжаров.

2017 жылы Қазақстанда жемқорлықпен ұсталғандардың саны өткен жылмен салыстырғанда 33 пайызға көп.

Похожие материалы