Coca-cola компаниясы өнімдерінің зиянсыз екенін дәлелдеуге 7 млн қаржы жұмсады. Сусынға зерттеу жұмыстарын денсаулық сақтау институтының сарапшылары жүргізді деп хабарлайды informburo.kz
The Times -тың мәлімдеуінше, компания өкілдері институт ғалымдарын жалдап, зерттеу жүргізген. Зерттеу жүргізгендер енді сусын семіртпейтінін айтып отыр.
Бұған дейін тұтынушылар әйгілі сусын адамды семіртіп жібереді деп айыптаған еді. Өз кезегінде Coca-Cola өзіне тағылған айыптарды зерттеу арқылы жоққа шығарып отыр. Олар зерттеуді тәуелсіз сарапшылар жүргізгенін айтады.
Алайда компанияға бұған дейін айып таққан ғалымдар мұнымен келіспейді.
Олардың айтуынша, алкогольсыз сусындар мен шырындардың құрамындағы қанттың көп болуы - семірудің бірден бір себебі. Олардың 2014 жылы жариялаған зерттеуіне сүйенсек, 30 пайыз қант қосылған алкогольсыз сусынды 11-18 жас аралығындағы жастар жиі пайдаланады екен. Ал Coca-Cola-ның өкілдері жыл сайын сатылымға шығатын өнімнің 40 пайызы төменгі калориялы сусындар дейді.