Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

CrowdStrike компаниясының IPO-сы маусым айында басталады

CrowdStrike компаниясының IPO-сы маусым айында басталады

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz  - 11 маусымда кибершабуылдан қорғау үшін Falcon платформасын әзірлеуші CrowdStrike компаниясының IPO-cs өтеді.

CrowdStrike Holdings - 2011 жылы құрылған киберқауіпсіздік секторының стартапы.

Компанияның акцияларын IPO-ға орналастыру көлемі 4 130 млрд долларды капиталдандырғанда 378 млн долларды құрайды.

2019 жылдың 31 қаңтарына компания бүкіл әлем бойынша 2,5 мың абонентке ие болды. Олардың 44-і Fortune 100 тізіміне, 37-і 100 жетекші әлемдік компанияларға, тоғызы 20 ірі банктердің қатарына кіреді.

CrowdStrike екі жыл қатарынан Forbes Cloud 100 тізімінде, ал 2018 жылы тізімде алтыншы орынға ие болды.

Компанияның бас акционерлері - Warburg Pincus (30,3%), Accel (20,3%) и CapitalG (11,2%).

Өсу стратегиясы – жаңа нарықтарға шығу, клиенттік базаны кеңейту және $29 млрд. астам әлеуетті нарықпен экожүйені дамыту.

Cондай-ақ, омпания өзінің платформасын кеңейтті, бұл әлеуетті нарықтарды бірден төртке дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Бұл ретте соңғы нүктелердің корпоративтік қауіпсіздік нарығы 2021 жылға қарай 8,7 млрд долларды, қауіпсіздік қатерлерін барлау нарығы 2021 жылға қарай 2 млрд долларды, қауіпсіздікті және осалдықты басқару 2021 жылға қарай 10,4 млрд долларды, IT - қызметтерді басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз ету 2021 жылға қарай 3,1 млрд долларды, ал басқарылатын қауіпсіздік қызметтерінің нарығы 2021 жылға қарай 5,1 млрд долларды құрайды.

Еске сала кетейік, 14 мамыр күні компания IPO-ға өтініш берген болатын.

Похожие материалы