Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – 10 айда банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі 3,2 пайызға 13,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Теңгемен кредиттер 11 пайызға 9,5 трлн теңгеге дейін өсті. Шетел валютасымен кредиттер 13,4 пайызға қысқарды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев ҚР Үкіметінің селекторлық режимдегі отырысында баяндама жасаған кезде хабарлады.
2017 жылы көптеген банктерде кредиттеудің біртіндеп қалпына келуіне қарамастан, қалыпқа келтіру процесі және нашар портфельдерді баланстан есептен шығару, сондай-ақ, жекелеген институттарды лицензияларынан айыру 2017 жылы кредиттеудің статистикалық көрсеткіштеріне теріс әсер етеді.
«Заңды тұлғаларға теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлеме 2017 жылғы қаңтардағы 15,2 пайыздан қазанда 13,5 пайызға дейін төмендеді», - деді Д. Ақышев.
Сонымен бірге Данияр Ақышев төлем жүйелерінің көрсеткіштері туралы хабарлады: «2017 жылғы 10 айда Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы 30 млн транзакция жүргізілді. Төлемдер сомасы 714 трлн теңгеге жетті. Бұл 2016 жылғы 10 айдағы төлемдерге қарағанда 49 пайызға көп».