Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Д.Ақышев: Ел экономикасы жаңа айырбастау курсына бейімделді

Д.Ақышев: Ел экономикасы жаңа айырбастау курсына бейімделді

Астана. 20 желтоқсан. 7kun.kz - 2016 жылдың басынан бері Қазақстандағы теңгелік салымдар 2 есе өсті. Бұл туралы үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

2016 жылы Қазақстандағы депозиттер үлесінде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Қаңтар мен қараша аралығында теңгедегі депозиттер 53,2%-ға көбейіп, шетелдік валютадағы депозиттер 10%-ға төмендеген. "Депозиттерді долларсыздандыру деңгейі осы жылдың қаңтарында максимал 70%-дан қарашада 56,7%-ға дейін төмендеді. Заңды тұлғалардың теңге мен шетелдік валютадағы салымдары шамамен тең болды. Жеке тұлғалардың шетелдік валютадағы депозиттер 64,4%-ға дейін төмендеді. 2016 жылдың қаңтарында бұл көрсеткіш 80% деңгейінде еді", - деп хабарлайды Ұлттық банк басшысы. Ақышевтің сөзінше, Қазақстан экономикасы жаңа курсқа бейімделді. 2016 жылдағы қарашаның қорытындысы бойынша 1,2%, ал жыл басынан бері 7,5% деңгейінде болды. Ұлттық банк басшысының сөзінше, отандық экономика айырбастау курсының өзгерістеріне бейімделу процесінен өткен. "Өткен жылдың тамызынан бері 2016 жылдың 15 желтоқсанына дейінгі аралықта айырбастау курсының өзгерісі 78%-ды құрады. Жылдық инфляция 8,7% деңгейіне дейін төмендеді. Курс реттеуді ішкі бағаларға сәйкес өзгерту аяқталды деп айтуға болады", - деп қорытындылады Данияр Ақышев 2016 жылдың 11 айының нәтижесін.

Похожие материалы