Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақышев міндеттелген сақтандыру қағидаттары туралы айтып берді

Ақышев міндеттелген сақтандыру қағидаттары туралы айтып берді

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында міндеттелген сақтандыруды енгізу көзделген. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.

Ұлттық банк басшысы түсінік бергендей, міндеттелген сақтандыру – жекелеген кәсіптер үшін міндетті болып табылатын сақтандыру. Бірақ оның талаптары тікелей заңда емес, сақтандыру компаниясы мен оның клиенті арасындағы шартта айқындалады.

«Міндетті сақтандыру кезінде сақтандырудың барлық талаптары, тарифтері және төлемдері жекелеген заңдарда тікелей белгіленгенін атап өтті. Мұндай тәсіл стандартты және жаппай сақтандыру түрлері жағдайында өзін-өзі ақтайды. Алайда, сақтандырудың жекелеген түрлерінде икемділік керек, клиент пен оның тәуекелдеріне жеке-жеке қарау қажет», - деді Д. Ақышев.

Оның айтуынша, міндеттелген сақтандыруды енгізу сақтандыру компаниясына және сол сияқты оның клиентіне шартта сақтандыруды икемді талаптарын көздеуге мүмкіндік береді. «Тәуекелдің нақты тізбесін айқындай отырып, клиенттер үшін барабар тарифті белгілеуге болады. Әр клиентті жеке қарау – бұл міндеттелген сақтандырудың негізгі басымдығы», - деп қорытындылады ҚРҰБ басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы