Жеңіс туралы әркез ойлауға не кедергі? Қартайған шағыңызда өзіңізді мақтан тұту үшін, қазірден бастап не істеу керек? Неге армандарыңызды бір сәтте естен шығармауыңыз керек? Кәсіпкерлер мен менеджерлер үшін ғана емес, баршаға қажет осы және басқа да мәселелер бойынша сұрақтарға Synergy Global форумындағы дәріс барысында менеджмент және көшбасшылық саласындағы ең танымал коуч және маман Маршалл Голдсмит жауап берді. Біз оның сөзінің ең қызықты үзінділерін жариялаймыз.
Мен бүкіл әлемнің көптеген басшыларымен әңгімелесіп, оларға бірдей сұрақ қойдым: «Сіз жұмыс істеген барлық табысты адамдардың басты мәселесі қандай?». Олар маған не айтқанын білесіз бе? «Олар тым жиі жеңеді». Бұл нені білдіреді? Иә, бәріміз жеңіске ұмтыламыз. Бірақ әрдайым жеңу қажет пе? Елестетіп көріңізші, өзіңіздің әйеліңізбен немесе күйеуіңізбен мейрамханаға барғыңыз келеді. Сіз бір мейрамхананы тандасаңыз, жұбайыңыз басқа мейрамханаға барғысы келеді. Сіз қалаусыздан жұбайыңыз таңдаған мейрамханаға барасыз. Тамақтары дәмсіз, қызмет көрсетуі нашар. Мұндай жағдайда не істейсіз? Басқа жерге барғанда мұндай жағдай болмайтынын айтып, өзіңіздің дұрыстығыңызды алға тартасыз. Сіз бұл жағдайда жеңімпаз екеніңізді дәлелдеуге барынша тырысасыз. Бірақ болған нәрсені өзгерту мүмкін емес. Көңіл аудармауға тырысып, неге сүйікті адамыңызға «рақмет» деп айтып, өзіңіздің көңіл-күйіңізді, жұбайыңыздың көңіл-күйін құртпай, жақсылап уақытты өткізбеске?
Біз сирек алғыс сөздерін айтамыз. Елестетіп көріңізші, сіз ұзақ жұмыстан кейін шаршадыңыз, автокөлікпен келе жатырсыз, жолда кептеліс, ал сіз үйге асығып келесіз. Бағдаршамда қызыл түс жанды, сіз қиылыстан өтіп кетуге үлгермейсіз, ал қасыңызда отырған әйеліңіз сізге айғайлайды: «Тоқтат! Қызыл!» деп. Өміріңізді құтқарғысы келетін адамға алғыс айтудың орнына, сіз не істейсіз? Ашуланып осы сияқты нәрсені айта бастайсыз: «Сен мені соқыр деп ойлайсың ба? Мен не қызыл жанғанын өзім көрмеймін бе?».
Бәріміз де жеңімпаз болуға тырысатынымыздың тағы бір дәлелі бар. Бір күні маған хат келді. Ер адам менің лекциямда екі жыл бұрын болғанын және «рақмет» деп айту туралы кеңесім өте пайдалы екенін жазды. Біз бәріміз үйге келіп, күйеуімізге не әйелімізге бүгін қандай ауыр күн болғандығы туралы шағым айтамыз. Бірақ отбасыңыз үшін, сіз үшін көп нәрсе істеп отырған адамға «рақмет» дегеннің орнына, осы күн ол үшін емес сіз үшін ауыр болғанын сендіруге тырысып жатырсыз. Мәселен, бұл адам, керісінше наразылық білдірмей әйеліне раушан гүл сатып алып, қасында болғаны үшін алғыс айтты. Ол гүлге жұмсаған $25 өміріндегі ең жақсы инвестиция екенін жазған.
Егер клиент нәтижені көрмесе, мен бапкер ретінде ақша алмаймын. Адамға көп уақыт пен күш жұмсасамда көмектесе алмайтын жағдайлар да болады. Бұл жағдайда мен ақша алмаймын. Кейде адаммен бірнеше рет қана сөйлесемін және бұл керемет нәтиже мен ақы береді. Мен тіпті кесте құрастырдым, бір бағанда мен жұмыс істеген адамдардың есімдері жазылған, ал екіншісінде олармен өткізген уақытым жазылған. Мен теріс корреляцияны тапқанымда таңқалдым: адамдармен өткізген уақытымыз аз болған сайын, менің қамқорлығымдағылардың табыстары көбейген. Мен бұрынғы Форд компаниясының бас директоры Алан Малаллиге: "Бұл қалай болды? Мен сізбен көп уақыт өткізген жоқпын, бірақ менің барлық клиенттерімнің арасында ең жақсы нәтижелерге қол жеткізген сіз болдыңыз. Меніңше, сіз маған жолықпағанда, жер бетіндегі ең табысты адам болар едіңіз ғой". Сонда ол маған маңызды нәрсе айтты: «Бұл статистика сіздің еңбегіңіздің сапасы туралы емес, оның қасиеттері туралы айтады». Адамдар өздері қалаған кезде ғана өседі және дамиды. Ең алдымен, сіздің дамуыңыз басқа біреуге емес, сізге байланысты.
Егер жақсы болғыңыз келсе, ортаңыздағы біреуден мұны орындау үшін не істеуіңіз керек екенін сұраңыз. Содан кейін үндемей сізге айтқандарын мұқият тыңдаңыз. Сөзін бөліп ақталмаңыз, айтқандарын есіңізге сақтап алыңыз, ол адамға «рақмет» деңіз. Және бір нәрсе: сіз барлық жерде ең жақсы бола алмайсыз, бірақ бір нәрседе бірінші бола аласыз.
Мүмкін, коучинг туралы ең үлкен қателесудің бірі - көптеген адамдар өздерінің жаттықтырушысы өздері дамыған бағытта олардан жақсы болуы керек деп ойлайды. Бұл олай емес. Біреуге көмектесу үшін одан басым болу шарт емес, бұл екі жақты қозғалыс. Өйткені, сіз менімен бірдей адамсыз, сұрақтарға жауап беруге тырысасыз.
Күйеуіңізден немесе әйеліңізден сұраңыз: «Мен қалай жақсы бола аламын?», «Біздің қарым-қатынасымызда жақсы болу үшін не істей аламын?». Дәл қазір смс жазыңыз. Сіз өзіңіздің сүйікті адамыңыздың реакциясына таң қаласыз. Рас, әйелдер көбінесе мұндай хабарларды күтпейді және қызық жауап береді: «Сенде біреу бар ма? Номермен қателестің!». Бірақ, бірнеше ай бұрын, менің спектакльдерімнің бірінде жігіт қолын көтеріп, былай деді: «Соңғы бірнеше минутта әйелім маған 16 тармақтан тұратын іс-қимыл жоспарын жазды», – сондықтан өзіңмен жұмыс істеуге дайын бол.
Өткенді ешқашан өзгерте алмайтыныңызды, бірақ болашақты өзгерту сіздің қолыңызда екенін түсініңіз. Шын мәнінде, қателіктер адамдардың жетістіктері мен жеңістеріне қарағанда олар туралы әлдеқайда көп нәрсені айтады. Қателеріңізбен жұмыс істеңіз және болашақта оларды қайталамаңыз.
Жылдан жылға АҚШ-та дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты туралы кітаптар көбірек сатылып жатыр. Сонымен қатар, семіздік мәселесі уақыт өткен сайын өзекті болып отыр. Не болды? Логика бойынша, бәрі басқаша болуы керек. Салмақты жоғалту туралы кітаптарды оқу сізге салмақ жоғалтуға көмектеспейді. Бірнеше килограмм тастау үшін, сіз диетаға отырып, спортпен айналысуыңыз керек. Барлық жағдайда да осылай. Бірдеңеге жету үшін, өзіңізбен тезірек жұмысқа кірісу керек. Арнольд Шварценеггер былай дейді: «Менің жаттыққан бұлшық еттерім, біреу үйреніп және салмақ көтеріп жатқанын көргеннен пайда болған жоқ. Мен өзімнің денеммен өзім жұмыс істедім».
Отбасыңызға көбірек уақыт бөліңіз. Балалар кішкентай болғанда біз оларға қажетпіз. Бала есейгенде бізге қажет. Менің қызым 9 жаста болғанда, мен одан: «Саған ең жақсы әке болу үшін не істей аламын?», – деп сұрадым. Ол маған көп уақытымды жұмысқа жұмсайтынымды, үйге келгенде футбол көріп немесе телефонмен сөйлесіп, тіпті көңіл бөлмейтінімді айтты. Орташа есеппен алғанда америкалық ата-ана балалармен қарым-қатынасқа күніне 7-13 минут уақыт жұмсайды. Бұл өте аз! Қызыммен осы әңгімеден кейін мен өзгеремін деп шештім. Мен өзімнің отбасыма күніне төрт сағат арнауды мақсат еттім. Бір жылдары мен бұл мақсатымды 150 рет орындадым. Нәтижесінде, балаларым оларды жалғыз қалдыруымды сұрады. Және осы жылы әдеттегіден гөрі көп ақша таптым.
Ата-анаңызды естен шығармаңыз. Сіз де уақыты келгенде қартаясыз. Бір тыңдаушым өзінің анасынан оның ең жақсы қызы болуы үшін не істей алатынын сұрапты. Оның анасы қаланың сыртындағы елдімекенде тұрыпты. Өзін жалғыз сезінбеуі үшін, жай ғана ашық хаттар жіберуін сұрапты. Қызы дәл солай істеген. Анасы қайтқан кезде, оның соңғы сөзі қызына деген ризашылығын білдіріп, қызына алғыс айтқан. Сіз де осылай байқап көріңіз, бұл ештеңе тұрмайды ғой. Ол ата-анаңызға қанша қуаныш әкеледі. Бастысы біз айтқан нәрсе емес, біздің іс-әрекетіміз.
Менің коучинг бойынша ең жақсы бере алатын кеңесім. Елестетіп көріңізші, сіз 95 жастасыз, өлімге дайындалудасыз. Кенеттен сізге осы кездегі кезіңізге оралуыңызға мүмкіндік беріледі және бүгін сіз өзіңізге нұсқау бере аласыз. Өзіңізге қандай кеңес берер едіңіз? Сіз қалай ойласаңыз да, мүмкіндігінше тезірек ойыңызды жасаңыз.
Сіздің өміріңізге қажетті 3 кеңес:
- Бүгіннен бастап бақытты болыңыз. Ең көп тараған ауру - өмірді кейінге шегере беру. Меніңше, ақша, байланыстар, мансап болған кезде бақытты боламын. Біз бүгін өмір сүруіміз керек, күн сайын бақытты болуымыз керек.
- Отбасыңыз бен достарыңызға қамқорлық жасаңыз, олармен мүмкіндігінше көп уақыт өткізіңіз. Сенiңiздер, сіз өлгенде әрiптестерiңіздің ешбірі қоштасып қолдарын көтермейді.
- Арманға жүгіріңіз. Тіпті ең кішкентай арман болсын. Сіз немен айналысқыңыз келетіні маңызды емес. Гитара ойнап, испан тілін үйреніп, Жаңа Зеландияға барыңыз. Егер сіз 35 жасыңызда арманыңызды орындай алмасаңыз, онда 45 жаста да сіз оны орындамайсыз, 85 жаста орындалады деп те айтпай-ақ қояйық.
Бизнес көшбасшылары үшін 3 кеңес, олар негізінен алдыңғы үшеуінен қатты ерекшеленбейді:
1) Өмір тым қысқа, әр сәттен ләззат алыңыз.
2) Адамдарға көмектесіңіз. Мен зейнеткерлікке шыққан көптеген басшылармен сөйлестім. Бәріне бірдей сұрақ қойдым: «Сіз немен мақтанасыз?». Ешкім көп ақша тапқаны туралы, үлкен компания басшысы болғандары туралы айтпады. Жоқ, олар жақсы адамдармен дос болғандарын мақтан тұтты, олардың жетістікке жете алуларына көмектесе алғандарын айтты.
3) Өзіңіз ойлағандай істеңіз. Дұрыс болмағанның өзінде, сіз тырыстыңыз.
Дереккөз: Hipo.kz