Алматы. 5 қыркүйек. 7kun.kz — Дүниежүзілік банктің аға экономисі Колин МАСЕНИК қазақстандық депозиттерге кепілдік беру жүйесі салымдарын сақтандырудың бағалау нәтижелерін таныстырды. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) баспасөз қызметі хабарлайды.
Дүниежүзілік банктің мамандары банктік дағдарыс жағдайында және салауаттандыру үдерісін және проблемалы банктерді реттеу жағдайында қосалқы қаржыландыру механизмдерін күшейту қажеттілігін атап өтеді. 2017 жылдың 1 тамыздағы деректерге сәйкес ҚДКБҚ салымшыларға өтемді төлейтін арнайы резервтің мөлшері 430,7 млрд теңгені құрайды. ҚДКБҚ жарғылық капиталының 70 пайызын қосқанда салымшылармен есептесу үшін 538,3 млрд теңге бағыттауға құқылы.
ҚДКБҚ кепілдігі заңнамалық тәртіпте жеке тұлға мен жеке кәсіпкердің барлық салымдарына таралады. Мемлекеттік кепілдіктің ең жоғары сомасы ұлттық валютадағы депозиттер бойынша 10 миллион теңгені құраса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңгені құрайды.
Айгүл Хожантаева