Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Д.Панкин: ЕАЭО-ға ортақ валюта қажет

Д.Панкин: ЕАЭО-ға ортақ валюта қажет

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне валюта саясатын үйлестіру қажет. Бұл туралы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Панкин мәлімдеді. Ол ЕАЭО-ға ортақ валюта керек деп есептейді деп хабарлайды Вести Экономика.

Ол экономикалық базада ортақ валюта бірнеше мемлекет арасындағы үйлестірілген қазыналық саясатқа негізделуі тиіс деп нақтылады. "2015 жылдың басында рубль бағамының долларға қатысты қатты өзгеруі және Қазақстандағы, және белгілі бір дәрежеде Беларусь еліндегі бекітілген бағамдар елдер арасында өте күшті тауар ағымдарын тудырды. Осы ағындардың әсерінен тауар айналымына, Қазақстандағы бірқатар кәсіпорындардың жабылуына байланысты белгілі бір үлкен проблемалар болды. Менің ойымша, дәл осы жағдай елдерге валюта саясатын үйлестіру қажет екенін көрсетті", - деп есептейді Д.Панкин. Ол одақ елдерінің арасындағы түрлі бағам саясаттары экономикалық дисбалансқа әкелетінін айта кетті. "Ресей құбылмалы валюта бағамын ұстанды, ал Қазақстан бекітілген валюта бағамын ұстанды, бұлай жұмыс істеуге болмайды. Үйлестіру қажет. Ортақ валюта турасындағы мәселе, әрине, өте маңызды, бірақ өте күрделі. Еуропалық қоғамдастық еуропалық валюта жүйесін құруға, еуроны құруға қаншама жыл, қанша күш жұмсағанын еске алыңыз және қазіргі уақыттың өзінде оларда қандай проблемалар болып жатқанына куәміз. Атап айтқанда, Грекияда, елдер арасында қазыналық, бірінші кезекте қазыналық, макроэкономикалық саясаттың үйлестірілуі жоқтығына байланысты проблема", - деді ол. Қорытындылай келе, сарапшы үйлестіруден кейін валютаны, жоғарырақ қарқынмен дамуға мүмкіндік беретін ортақ валютаны қалыптастыру туралы сөз қозғауға болатынын айтып өтті.

Похожие материалы