Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Д.Родин мен Қ.Үмбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

Д.Родин мен Қ.Үмбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді
«Fokker - 100» әуе кемесінің командирі Дмитрий Родин мен Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы - 6505 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары Қайрат Үмбетовке Халық қаһарманы атағы берілді. Бұл туралы Жарлыққа бүгін Н.Назарбаев қол қойды. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын Жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын делінген Жарлықта. Еске сала кетейік, Дмитрий Родин бортында 116 жолаушы бар Bek Air компаниясына тиесілі «Фоккер - 100» ұшағын Астана әуежайына апатты жағдайда қондырған еді. Ұшқыштардың шеберлігінің арқасында бірде-бір жолаушы зардап шеккен жоқ. Ал, Ұлттық ұланның Қарағанды қаласында орналасқан әскери бөлімінің офицері Қайрат Үмбетов осыдан бір ай бұрын жас сарбаз Абзал Сұлтанқұловтың өмірін  сақтап қалған еді. Ол жаттығу кезінде жарылған гранатадан қорғау үшін сарбазды денесімен жапқан.    

Похожие материалы