Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дәурен Абаев: Тіркелмеген спутниктік телеарналарға тыйым салынады

Дәурен Абаев: Тіркелмеген спутниктік телеарналарға тыйым салынады

Алматы. 8 қараша. 7kun.kz - 600 мың отбасы шетелдік арналары бар спутниктік телеарна қарайтындықтан, Қазақстанда не болып жатқанын білмейді, - деді ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мәжіліс отырысында.

«Сонда 1,5 млн адам Қазақстан жаңалықтарынан хабары жоқ. Бұл ақпараттық қауіпсіздік мәселесі», - деді министр.

Сонымен қоса, бұған ешқандай шектеу қойылмаса, қазақстандықтар еш жерде тіркелмеген спутниктік телеарналарды қарауды жалғастыра береді. Ол арналар Қазақстанның құқықтық алаңынан тыс. Себебі, оларға ешкім ешқандай да әсер ете алмайтынын айтты Д.Абаев.

«Жергілікті органдар түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Тіркелмеген спутниктік карталардың сатылымына тыйым салынады. Қолданушылар зардап шекпейді», - деді ақпарат және коммуникациялар министрі.

Мейірім Бақытжанова

Похожие материалы