Астана. 5 қазан. 7kun.kz – «Astana Digital Forum» апталығында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев цифрландырудың кейбір артықшылықтарын түсіндірді деп жазды inform.kz.
«Ел экономикасын цифрландырудың ауқымы кең. Елестетіп көріңізші, қазіргі айыппұлдарды екі сағатта емес, төрт-ақ батырманы басу арқылы рәсімдейтін болады. Бүгінде ондай жоба бар. Адам өзінің жеке сәйкестендіру нөмірін көрсетіп, айыппұлдың электронды xаттамасы бірыңғай базаға жіберіледі. Сонымен қатар, бала туғанда оның қай балабақшаға, қай мектепке баратыны бірден анықталатын болады. Мемлекеттің жәрдемақы, балабақша кезегі тез жасалады. Тіпті, перзентxанадан шықпай-ақ, баланың атын SMS-пен жіберіп, жеке құжаттарды да рәсімдеуге болады. Алдағы уақытта осындай қызмет те енгізіледі», - дейді Абаев.
Айгүл Хожантаева