Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Транзиттік жүк тасымалдарына тарифті төмендету мәселесі қаралуда

Транзиттік жүк тасымалдарына тарифті төмендету мәселесі қаралуда

ҚР Премьер-Министрі Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы хабарлады.

Отырыста Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту бойынша өткізілген келіссөздердің нәтижелері және қазақстандық жүктерді тасымалдау мәселелері қаралды. 

Қазақстандық және транзиттік жүктерді тасымалдауды қамтамасыз ету үшін 9-10 наурызда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігінің, Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігінің өкілдері арасында келіссөздер жүргізілді.

ТХКБ дамыту мақсатында тараптар өтпелі тариф белгілеу, жүктерді декларациялау, бірыңғай IT-шешімдерді қолдану және транзиттік жүктерді шоғырландыру мәселелерін шешетін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісті.

Жалпы, бағыт бойынша жылына 10 млн тоннаға дейін, оның ішінде 200 мың контейнерге дейін тасымалдау мүмкіндігі бар.

Ляньюньган (ҚХР) порты арқылы қолданыстағы маршрутқа қатысты транзиттік жүк тасымалдарына тарифті төмендету мәселесі пысықталып жатыр.

«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Р.Баталовтың айтуынша, мемлекеттік органдар мен бизнестің бірлесіп атқарған жұмысының нәтижесінде қазіргі таңда ҚХР шекарасында қазақстандық жүктердің тұрып қалу жағдайлары байқалмайды.

Беларусь шекарасында жүктердің тұрып қалуына қатысты бизнестен бұған дейін түскен ақпаратқа сәйкес тиісті мониторинг жүргізілді, оның қорытындысы бойынша аталған мәлімет расталған жоқ.

Жедел штабтың келесі отырысы 11 наурызда өтеді.

Похожие материалы